×

Оралдық әйел 30 жыл құжатсыз жүрген

49 жастағы әйелде КСРО азаматтығы болған

Оралдық әйел 30 жыл құжатсыз жүрген
instagram.com/centr_resotsializatsii_uralsk

Оралда 49 жастағы әйел 30 жыл бойы құжатсыз тұрып келген, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

“Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы” КММ-дан түскен мәліметке қарағанда, Елена Алексанова 1973 жылы Орал қаласында дүние келген. Мектепте төртінші сыныпқа дейін оқып, 16 жасында КСРО төлқұжатын алған.

2000 жылы табыс тауып, құжатын рәсімдеймін деген үмітпен көршілес Ресейге кеткен. Алайда тұрақты жұмысы болмағандықтан әрі мекенжайда тіркелмегендіктен, құжат ала алмаған. 2021 жылы оны балаларымен Қазақстанға шығарып жіберген.

Оралға келгеннен кейін қайда өтініш жасарын білмеген әйел көшеде, вокзалда, Деркөл кентіндегі тұрғындар тастап кеткен үйлерде қонып жүрген. Сосын біреулердің кеңесімен Деркөл әкімдігіне келген. Деркөл кентінің әкімі Жұбан Жұмағалиев оны мұқият тыңдап, аталмыш орталыққа жіберген.

Орталық қызметкерлері түрлі мекемелерге сұраныс хаттарын жолдайды. Оның Қазақстан азаматтығына жататыны анықталады. Барлық құжаттар алынғаннан кейін Орал қаласы көші-қон полициясына жіберіледі.

Осылайша, Е.Алексанова жеке куәлікті алды. Ол өзін адам қатарына қосылып, өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінетінін жеткізді. Елена Васильевна енді тұрақты жұмысқа орналасып, сонымен қатар денсаулығын түзеу үшін медициналық мекемеге баруды жоспарлап отыр. Бұған дейін оны құжатсыз еш жерге қабылдамаған.

Орталық директоры Ерлан Медетовтің айтуынша, мұндай мысалдар әлі де кездеседі.

“Мекемеде КСРО төлқұжатымен тұрып жатқандар немесе өтініш жасайтындар баршылық. Біз олардың бәрін де құжаттандыруға көмектесуге тырысамыз. Заң білмеушіліктің, түрлі себептің салдарынан адамдар уақытында құжат алмайды. Көші-қон органдары және мемлекеттік мекемелердің бірлескен жұмысы нәтижесінде азаматтарға қолұшын берудеміз”, –  деді Е.Медетов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →