×

Самокатшылардың «қара тізімі» пайда болуы мүмкін

Барлық компания бір мезгілде оларға қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін

Самокатшылардың «қара тізімі» пайда болуы мүмкін
sxodim.com

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова самокат қозғалысын реттеу үшін қандай ұсыныстар қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

“Самокаттарды жалға беретін кикшерингтік компаниялар жалпы «жосықсыз клиенттер тізімін» құруды ұсынып отыр. Жол қозғалысы ережелерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзатын, скутерді дұрыс емес жерде қалдыратын пайдаланушыларға барлық компания бір мезгілде қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ, полиция патрулі үшін электр скутерлерін пайдалану ұсынылды”, – деді А. Боранова ҚР ІІМ апталық брифингінде.

Спикердің айтуынша, скутер пайдаланушылары үшін арнайы мобильді қосымша арқылы хабарламалар жіберу қарастырылып жатыр. Бұл ретте скутер арнайы бөлінген орындарға қойылмаса, сапар аяқталмайды (ақы алу жалғасады).

“Жарықсыз учаскелерде, қала сыртындағы трассаларда және кәмелетке толмағандарға электр скутерлерін пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Балалардың электр скутерлерін пайдалануын болдырмау үшін салмақ категориялары бойынша тыйым салу енгізіледі. Мысалы, 30 келіден асатын қолданушыларға ғана рұқсат беріледі”, – деді Ақтоты Боранова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →