×

«Ноғаев үйленіп, той болып жатыр ма деп қалдым». Жаңаөзен тұрғыны әкімдіктегі жиналыста шу көтерді

Ауыл тұрғыны өтірік есеп беру жиындарын сынады

«Ноғаев үйленіп, той болып жатыр ма деп қалдым». Жаңаөзен тұрғыны әкімдіктегі жиналыста шу көтерді
gov.kz

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында өткен жиында ауыл тұрғыны өтірік есеп беру жиындарын сынап тастады. Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Жаңа Жетібайда да жиналыста болдым. Ол кезде де осындай сөздеріңізбен жуып-шайып кеттіңіз. Ренжісеңіз де, ренжімесеңіз де айтайын. Мына жерде сөз алып жатқан кісілердің бәрі үлкен адамдар. Қайсысында денсаулық бар дейсің. Алатын жалақылары 100 мың теңге. Қазір қымбатшылық қысып тұр. Бір қап ұнның бағасы 10 мың теңге тұрады.  Басқа тамақты алу керек. Дәрі-дәрмектері бар. 100 мыңды қайда жеткізеді? Не айтып отырсыңдар? Ауруханаға кіргізбейтін жағдай да көп.  Денсаулық сақтау басқармасының өкілі ондай мүмкін емес деп отыр. Әбден  мүмкін. Менің досымның қызы ауырып, кіреберістен кіргізбеді.  Түннің бір уағында Жаңаөзен қаласының әкіміне хабарласып, әзер қабылдады», - дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны.


Ол сонымен қатар шенеуніктер халықты бір-бірімен араздастырып қойып жатыр деп күйінді.

«Мына қасымда отырған кісінің сүрінген жерін видеоға түсіріп ал дейді. Сөйтіп, бір-бірімізге қарсы қоймақ. Бірақ осы халықтың арқасында нандарыңды жеп, күн көріп отырсыңдар. Соны ұмытпаңдар. Кілең шіреніп алып, бір дұрыс жауап бере алмайсыңдар.  Жиналысқа алып келген басшылардың бәрі «макеттер» . Олар үндемейді. Жиналыстың біткенін күтіп, үйлеріне кетеді. Жауаптарын көрсең, күлкіңді келтіреді. «Қарастырып жатыр», «жұмыс істеп жатыр». 85 пайыз мемлекеттік қызметкерлерді жинап қойғансыңдар. Біздің Қызылсай ауылының адамдары шамалы. Қалғаны жұмыстан шыққан мемлекеттік қызметкерлер. Бізге қарастырып жатқандарың керек емес.  Нақты нәтиже керек. Бұл - есеп беру жиналысы. Халықтың арқасында балаларыңды шетелде оқытып, "Джип" мініп талтаңдап жүрсіңдер.  Өзіміз осы жаққа келе жатқанда той болып жатыр ма екен, Ноғаев мырза қайта үйленіп жатыр ма деп қалдым. Адамның жанын күйдірмеңдер. Өтірік жиналыстарыңның керегі жоқ», - дейді әйел.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды
Кеше, 17:28

Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →