×

Қазақстанда табысы 50 миллион теңгеден асатын азаматтар салық төлейді – Ұлттық экономика министрі

Министр жаңа кодексте сән-салтанат салығы мың есе өсетінін айтты.

Қазақстанда табысы 50 миллион теңгеден асатын азаматтар салық төлейді – Ұлттық экономика министрі
ашық дереккөзден

Енді елімізде жылына 40-50 млн теңгеден астам табыс табатындар салық төлейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің жалпы салық жүктемесі бөлінетінін айтты.

«Жылына 40-50 млн теңгеден астам табыс табатындар үшін прогрессивті ЖТС енгізуді қарастырамыз. Сондай-ақ депозиттер, бағалы қағаздарға инвестициялар үшін қарастырамыз. Бірақ бұл табысы төмен адамдарға әсер етпейді», – деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда жаңа салық кодексі қабылданғаннан кейін азаматтарға жүктеме түспейді.

«Тосынсыйлар болмайды. Жеке адамдар үшін бірдей жүктеме болады. Әлеуметтік салықтар бойынша салық жүктемесі 2000 жылдың басында шамамен 20% болды, қазір 9%-ға тең. ЖТС жалақыға да қайта қаралмайды. ЖТС каскадты, яғни пассивті кірістерге, акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға прогрессивті етуді жоспарлап отырмыз. Пассивті кірістің құны неғұрлым жоғары болса, салық соғұрлым жоғары болады, яғни бұл орта тапқа әсер етпейді», –  деді Қуантыров.

Министр жаңа кодексте сән-салтанат салығы мың есе өсетінін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →