×

Желіде тиктокер Израиль тауарларына бойкот жариялап, Cocа-cola сусынын түгел төгіп тастады

Тиктокер Израиль тауарларына бойкот жариялады

Желіде тиктокер Израиль тауарларына бойкот жариялап, Cocа-cola сусынын түгел төгіп тастады
видеодан скриншоттар

Әлеуметтік желіде Мадияр есімді тиктокер Израиль тауарларына бойкот жариялап, «Cocа-cola» сусынын түгел төгіп тастаған видеосы тарады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Видеода бейәдеп сөздер көп айтылған. Түсінгеніміз Газа секторындағы қақтығыстан кейін ол жігіттің Израильге деген жеккөрініші туындаған. Жұрттың да пікірі саналуан. Бұл жігіттің әрекетін дұрыс дейтіндер де, ессіздікке балап жатқандар да бар.

«Айналайын, ақылыңның жеткені осы ма? Қазақстанда басқа проблема жоқ па?», «Мынаған аурухана керек», «Кола 1886 жылы Америкада шыққан. Израиль, Палестинаға не қатысы бар? Коланың тарихын оқысай», «Дұрыс айтасың, бауырым», «Сен соны сатып алып, сосын төгіп жатырсың. Одан не пайда?», «Ішіп-жеп, тойып алып, осылай қуатындарыңды түсінбеймін. Израиль кола өтпей қалды деп соғысты тоқтатпайды», «Міне, еркек, дұрыс!», «Тек «кола», «сникерс», «твикс», «киндер» т.б. тауарларды алмау керек», «Ақырет үшін амал жасап жүрген Алла разы болсын саған!», «Палестинаға қатты жанын ашып бара жатса, ХАМАС-тың құрамына косылып соғыссаң болады» деген түрлі пікірлер бар.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасында ондаған жылдар бойы шешілмеген кикілжің тағы бір қақтығысқа ұласты. Бұл кикілжіңге сыртқы күштер де тартылып, Таяу Шығыстың тұрақтылығына қауіп төнді. Екі тарап бір-біріне жүздеген зымыран жіберген. Жағдай әлі де оңалмай тұр. Бұл кикілжің Израильдің өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету талабы және палестиналықтардың жеке мемлекет құруға талпынысымен байланысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →