×

Маңғыстау облысындағы ауызсу мәселесі қалай шешіліп жатыр

«Астрахань-Маңғышлақ су құбыры» жаңарады

Маңғыстау облысындағы ауызсу мәселесі қалай шешіліп жатыр

«Астрахань-Маңғышлақ су құбыры» жаңарады, деп хабарлайды qaz365.kz

Жаңғырту жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі. Алғашқы кезеңде құбырдың су көлемі 110 мың м3-тан 170 мың м3-қа дейін артады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл құбырды жаңғырту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде су құбырының қуаттылығын 110 мың м3-тан 170 мың м3-қа дейін жеткізілетін болады. Жұмыстардың жүзеге асуы нәтижесінде аталған елді мекендерді толықтай ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады»,- деді Маңғыстау облыстық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров.

Жалпы «Астрахань-Маңғышлақ су құбыры» арқылы келген суды Бейнеу, Маңғыстау аудандары мен Қарақия ауданның Жетібай, Мұнайшы ауылдары, Жаңаөзен қаласының тұрғындары тұтынып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →