×

Боранбаевты бостандыққа шығару үшін інісі Абылай Мырзахметовке пара берген - прокурор

Прокурор айыптау дерегін айтты

Боранбаевты бостандыққа шығару үшін інісі Абылай Мырзахметовке пара берген - прокурор
Фото: ашық дереккөздерден

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайдыQaz365.kz

Сот отырысында прокурор Бауыржан Шекенов Абылай Мырзахметов Талғат Боранбаевтан Қайрат Боранбаевты босатып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату үшін 30 миллион доллар сұрағанын айтты. Өйткені 2022 жылы наурызда Қайрат Боранбаев ұсталған кезде оның ісін інісі Талғат Боранбаев басқарған.

Осы жағдайды пайдаланып, ол Талғат Боранбаевқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалар арқылы ағасы Қайрат Боранбаевты қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы мәселені шешу үшін пара беруді ұсынған.

«15 миллион доллар – мәселені шешкенге дейін, қалған 15 миллион доллар – шешілгеннен кейін. Боранбаев терең ойға кетті. Ол 15 миллион долларды берді. Кейін Мырзахметов тағы 5 миллион доллар талап етті», – дейді Бауыржан Шекенов.

Прокурордың айтуынша, кейінірек Талғат Боранбаев тағы 3 миллион доллар аударған. Қалған соманы Сергей деген бейтаныстың есепшотына аудару керек болған.

«2022 жылдың 11 мамырында тараптар арасында жалпы сомасы 6,6 миллиард теңгені құрайтын қарыз шарты жасалған. Кейіннен Боранбаев пара ретінде келісілген 15 миллион долларды, бұл 6,6 миллиард теңгені жауапты мемлекеттік қызметтерді атқаратын адамдарға аударған», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 10 мамырда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →