×

Қазақстанда пәтерлер айтарлықтай қымбаттаған қалалар аталды

Сарапшылар пәтердің қымбаттауын әртүрлі себептермен байланыстырды

Қазақстанда пәтерлер айтарлықтай қымбаттаған қалалар аталды
Фото: matritca.kz

3 жылда Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтерлер орташа есеппен 40%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, осы уақыт аралығында бағаның ең көп өсімі Ақтау, Ақтөбе және Алматы қалаларында тіркелген.

Кrisha.kz жазуынша, елдегі ең қымбат пәтер – Алматыда. 3 жылда мұнда баспана бағасы шаршы метріне 468 мың теңгеден 721 мың теңгеге дейін өсті. Өсім – 54%.

Екінші орында Астана тұр. Елордада баға соншалықты көп өспеген – 33,4%. 2021 жылы пәтердің 1 шаршы метрі 357 мың теңгеден биыл 476 мың теңгеге көтерілді.

Үшінші орын Шымкентке тиесілі. Қалада баспананың 1 шаршы метрі – 420 мың теңге. 3 жыл бұрын көрсеткіш 312 мың теңге болған. Өсім – 34,5%.

Пәтері ең арзан өңірлер – Қызылорда (шаршы метрі – 239 мың теңге, өсім – 52,7%), Ақтөбе (287 мың теңге, өсім – 61%), Талдықорған (302 мың теңге, өсім – 40,9%) қалалары.

3 жылда Ақтауда пәтер бағасы айтарлықтай өскен (67,7%), баспананың шаршы метрі – 321 мың теңге.

Сарапшылар пәтердің қымбаттауын зейнетақы активтерінің шығарылуы, доллар бағамының өсуі және бастапқы нарықтағы құрылыс материалдары бағасының артуымен байланыстырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →