Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды
Энергетика министрлігі жанар-жағармай құю стансалары үшін бөлшек сауда бойынша мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығына өзгерістер енгізудің жобасын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағармай құю стансалары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы №361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін», – делінген бұйрық мәтінінде.
Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге.
Қоғамдық талқылау 2024 жылғы 28 ақпанға дейін жалғасады.