×

Түркістан облысының СЭБ мамандары экоакцияға атсалысты

Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз ету

Түркістан облысының СЭБ мамандары экоакцияға атсалысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз ету, қоғамда экологиялық мәдениетті және экологиялық сауаттылықты қалыптастыра отырып, ұрпақты отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. 

Аталған бастамаға Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де өз үлесін қоса білді. Атап айтқанда, департамент басшысы Нұрбек Нышановтың бастамасымен аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз аулалары мен іргелес аумақта ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалау жұмыстарына белсенді атсалысты.

Қоршаған ортаны таза ұстау, оған жанашырлықпен, құрметпен қарау – әрбір адамның міндеті. Сондықтан Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азаматтарды туған жерді таза ұстауға, елді көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды
13.09.2024ж. 14:40

Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды

Ол еңбек жолын 2010 жылы бастаған
Декларация тапсыру процесі 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған еді
Үміткерлерден барлығы 30 мың өтініш келіп түскен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →