×

Дәрігер ана сүтінің пайдасы туралы айтты

Медицинада сәби дүние есігін алғаш ашқан сәттен бастап анасының кеудесіне салу қалыпты үрдіс

Дәрігер ана сүтінің пайдасы туралы айтты

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының педиатры Әсия Әбенова ана сүтін көбейтудің жалғыз жолын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Медицинада сәби дүние есігін алғаш ашқан сәттен бастап анасының кеудесіне салу қалыпты үрдіс. Себебі, жаңа туған сәбидің дені сау өсуі үшін ана сүтінің маңызы зор. Бүгінде шетел ғалымдар ана омырауының ұшында түрлі пайдалы бактериялар болатынын айтып жүр. Бұл өз кезегінде бала емізер алдында кеудені жуудың қажет емес екенін білдіреді, дейді. 

«Жаңа туған сәбилер  тәулігіне 8-12 рет аштық белгісін білдіреді. Сол үшін оларға көп тамақтану керек. Бала тез өседі. Ол өсіп, жетілуіне қажетті дүниені ана сүтінен алады. Баланы 6 айға дейін тек ана сүтімен тамақтандырған дұрыс. Ал алты айдан кейін қосымша тағам беру ұсынылады. Ана мен бала үшін босанғаннан кейінгі бірінші сағат аса маңызды уақыт. Емізу неврологиялық іс-әрекет. Осы себепті туа салысымен анамен байланыс орнату нәрестені тыныштандырып, омырау іздей бастауына көмектеседі. Әдетте сәби емшек емуде алғашқы қадамды өзі жасайды. Қазіргі таңда емізулі баласы бар аналарды қалай тамақтанған дұрыс деген ой мазалайды. Алайда оларға күнделікті рациондағы барлық тағамды тұтыну ұсынылады. Бұл өз кезегінде балаға 6 айдан кейін қосымша тамақ беруге үйретудің басы саналады. Бала үшін бір  жасқа дейін анасымен тығыз байланыс жасау үшін ана сүтін ему маңызды саналады. Ал бір жастан кейін айналаны тани бастаған тұста олардың назарын қоршаған ортаны зерттеуге аударады. Мұндай кезде баланың емуі де азаяды», – деді дәрігер.

Айта кетсек, ана сүтінің құрамындағы витаминдердің болуы босанған әйелдің тамақтануына байланысты болады. Жаңа туылған нәрестенің барлық мүшелердің толық және дұрыс дамуына тұздың құрамында болатын темір, кальций, фосфор, магнийдың маңызы зор.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →