×

Ордабасы ауданында жүкті әйелдерге дәрігерлер кеңес берді

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының кардиолог дәрігері Л. Сарбасова «Артериалды гипертензияны амбулаторлы деңгейде емдеу» тақырыбында медицина қызметкерлеріне семинар тренинг өткізді

Ордабасы ауданында жүкті әйелдерге дәрігерлер кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысы Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Артериалды гипертензия» жөнінде семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының кардиолог дәрігері Л. Сарбасова «Артериалды гипертензияны амбулаторлы деңгейде емдеу» тақырыбында медицина қызметкерлеріне семинар тренинг өткізді. Дәрігердің сөзінше, Артериалды гипертензия– артериалды қан қысымының тұрақты немесе қайталама жоғарылауымен сипатталатын жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы болып табылады.

«Жүкті әйелдерде 20-шы аптадан кейін гестациялық гипертензия дамуы мүмкін. Дәрігер қарап тексергенде ауру анамнезі мен шағымдарға талдау жасайды. Одансоң, науқаста бар аурулар зерттеліп, тұқымқуалаушылық аурулары туралы сұрақтар қойылады. Қарап тексеру кезінде дәрігер қан қысымын өлшейді. Қан талдауы жүргізіледі. Гемоглобин, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің деңгейі анықталады. Жалпы зәр талдауы бүйректің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Міндетті түрде электрокардиография, жиі - ЭхоКГ  жасалады. Артериалды қан қысымының тәуліктік бақылауы тағайындалуы мүмкін. Қажет болған жағдайда бүйректің УДЗ, тамырлардың УДДГ тағайындалады. Диагнозды нақты қою мақсатында науқасты қарап тексеру үшін қосымша мамандар, атап айтсақ, офтальмолог, гинеколог, терапевт, кардиолог жұмылдырылуы мүмкін»,- деді маман.

Егер науқаста «Артериалды гипертензия» деген диагнозы болса және ол қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрсе, онда қан қысымы кенет көтерілген кезде криз кезінде арнайы тағайындалған препаратты беру керек. Егер ондай дәрі тағайындалмаса, күнделікті қабылдап жүрген дәрінің жоспардан тыс мөлшерін беріп, жедел жәрдем шақырту қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы бөбектер үйіне рекордтық деңгейде көп бала түсті
Кеше, 18:26

Қазақстандағы бөбектер үйіне рекордтық деңгейде көп бала түсті

Бұл жерде тек бөбектер үйі туралы айтылып отыр
Іште жатқанда пайда болған кемістік салдарынан науқастың табаны зақымданған
Оның өнерін көрген оқырмандар ыстық ықыластарын білдіріп жатыр
Жемқорлық жайлаған салада барлық процесс цифрландырылатын болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →