×

Данияр Елеусінов әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты

Данияр Елеусінов әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) WBC чемпионы америкалық Марио Барриосты ((29-2-1, 18 КО) жұдырықтасуға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Өткен демалыста WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Марио Барриостың әлсіз өнерін көрдім. Абель Рамоспен тең түсті, сонымен қатар, ол жекпе-жектің ортасында нокдаун алды. Марио, мен сені жеңіп шығатыныма сенімдімін. Кел, жұдырықтасайық. Қай жерде болса да, кез келген уақытта. Олимпиада чемпионы мен WBC чемпионы. Кел, жанкүйерлерімізге нағыз шоу көрсетейік!" — деп жазды Елеусінов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты. Филиппиндік Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) бесінші раундта уақытынан бұрын жеңіп шықты.  Бұл жеңіс Елеусиновқа WBC Peace нұсқасы бойынша екінші дәрежелі чемпион атағын иеленуге және BoxRec рейтингінің ТОП-15-тігіне енуге мүмкіндік берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Бүгін, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →