×

Бір жарым жыл дисквалификацияда болған қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды

Бір жарым жыл дисквалификацияда болған қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында 96 келіде бақ сынаған қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол серпе көтеруде 174 келіні еңсерсе, жұлқа көтеруде 214 келіні ырқына бағындырды. Қос сайыстың нәтижесі  —  388 келі.

Бұл – осы әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алған екінші жүлде. Бұған дейін 81 келіде Алексей Чуркин күміс медаль алған болатын.

Екінші орынды грузиялық спортшы Реваз Давитадзе еншіледі. Грузиялық спортшы  387 келі (177+210) салмақты көтерді. Үздік үштікті ирандық Али Алипур түйіндеді. Оның шамасы 387 (173+214) келіні көтеруге жетті.

Айта кетейік, Нұрғиса 2023 жылы 5 мамырда Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Бірақ сол жолы допингтік тексерістен өткенде сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қанынан тыйым салынған SARMS S-23 препараты табылды. Спортшы 2024 жылдың 17 қарашасына дейін дисквалификация алған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырау облысының барлық ауылы екі жыл ішінде спорттық инфрақұрылыммен қамтылады
Кеше, 17:20

Атырау облысының барлық ауылы екі жыл ішінде спорттық инфрақұрылыммен қамтылады

Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты
Жетісу ұлттық ойындарды жаңғыртып, жаңа буынға жол ашты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →