×

16 жастағы қазақ футболшысын «Челси» 4 млн еуроға сатып алды

Бұл - қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық келісім

16 жастағы қазақ футболшысын «Челси» 4 млн еуроға сатып алды
@FabrizioRomano

Алматының «Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сатпаев Лондонның «Челси» клубына ауысатыны расталды. Бұл ақпаратты атақты инсайдер Фабрицио Романоның өзі жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Инсайдердің мәліметінше, «ақсүйектер» алматылық футболшы үшін 4 миллион еуро береді. Бұл - қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық келісім.

«Соның ішінде 2,4 миллион еуро – нақты төлем, ал қалғаны «Қайрат» немесе жалға берілген өзге клуб сапында өткізген ойындары үшін бонус ретінде қарастырылады. Бес жылдық келісімшарт 2026 жылы  тамыз айында Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді.

Естеріңізде болса, Қазақстан U-19 құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев желтоқсан айында Лондонның «Челси» клубына қаралымнан өткен.

Былтыр шабуылшы Қазақстан U-19 құрамасында және «Қайраттың» QJ League-дағы командасында ойнап шықты. Бұл лигада 12 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр
Бүгін Президент Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас спортшылармен кездескен
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені инвесторлар қаржысына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →