×

Қазақстан мен Ресейдің спорт министрлері бірлесіп жұмыс істеуге келісті

Қазақстан мен Ресейдің спорт министрлері бірлесіп жұмыс істеуге келісті
Фото: туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тараптар екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықтың былтырғы нәтижелерін талқылап, алдағы жоспарларды ортаға салған.

– Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз әріптестік орнатып, бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстарды сәтті жүзеге асырып келеді. Әсіресе, Ресейдің спорттағы мол тәжірибесі мен инфрақұрылымдық әлеуеті біздің спортшылар үшін маңызды. Бұл, әсіресе, қысқы спорт түрлерін дамытуға тікелей әсер етеді. Былтыр отандық спортшылар Ресейде бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шеберліктерін шыңдады, – деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, былтыр елордада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей спортшылары белсене қатысып, көшпенділердің ұлттық спорт түрлерінде шеберліктерін көрсетті.

Кездесу барысында тараптар спорттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей халықаралық деңгейде бірлескен бастамаларды дамытып, спорттық ірі іс-шараларды ұйымдастыруда өзара қолдау көрсетуге дайын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Кеше, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →