×

Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы атанды

Турнирге дейін Рыбакина рейтингінің 10-орнында болған еді

Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы атанды
eurosport.fr

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Турнирге дейін Рыбакина рейтингінің 10-орнында болған еді. Жеңісінен кейін үш позицияға жоғары көтерілді.

7-орын – 23 жастағы қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы ең үздік нәтиже. Оның еншісінде 3720 ұпай бар.

WTA рейтингінің көшбасшысы – польшалық теннисші Ига Швёнтек (9975 ұпай). Одан кейінгі позицияда Арина Соболенко (6740 ұпай), Джессика Пегула (5605 ұпай), Каролин Гарсия (4990 ұпай), Онс Жабер (4976 ұпай) және Кори Гауфф (4401 ұпай) тұр.

Айта кетейік, бұл титул – Е.Рыбакинаның 2023 жылдағы алғашқы жүлдесі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Беларуь өкілі Арина Соболенконы жеңген Рыбакина WTA-1000 Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды
22.04.2026ж. 16:12

Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды

Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →