×

Әлем чемпионатына санаулы күндер қалғанда үш ресейлік хоккейші Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Үшеуі де қос азаматтықпен жүрген

Әлем чемпионатына санаулы күндер қалғанда үш ресейлік хоккейші Қазақстан азаматтығынан бас тартты
tengrinews.kz

Хоккейшілер Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков Ресей үшін Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Олар енді Қазақстан құрамасында өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Петуховтың "Барыстан" кететіні туралы хабарланған еді. Маклюков соңғы екі маусымда Магнитогорскінің «Металлургінде» ойнады, оған дейін төрт жыл бойы «Барыстың» намысын қорғады. Сагадеев өз кезегінде спорттық мансабын "Сочиде" жалғастырмақшы болған.
Үшеуі Қазақстан азаматтығын алса да, Ресей азаматтығында қала берген болатын. Енді Қазақстан құрамасының сапында ойнамауға шешім қабылдапты.
Таяуда Андрей Скабелка ұлттық команданың бас бапкері қызметінен босатылып, оның орнына Ғалым Мамбеталиев тағайындалған еді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар 12-28 мамыр аралығында Ригада (Латвия) және Тамперде (Финляндия) өтетін 2023 жылғы әлем чемпионатында ойнайды. Топтық кезеңде олардың қарсыластары Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцария командалары болмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →