×

Маған Қазақстаннан көп адам жанкүйер болғанын байқадым. Баходир Жалолов Қамшыбек Қоңқабаевпен жекпе-жегі туралы айтты

Ол финалда жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаевпен кездескен

Маған Қазақстаннан көп адам жанкүйер болғанын байқадым. Баходир Жалолов Қамшыбек Қоңқабаевпен жекпе-жегі туралы айтты
Ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX Азия ойындарында бокстан аса ауыр салмақта топ жарған өзбекстандық Баходир Жалолов әлеуметтік желідегі парақшасында финалдағы қарсыласы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алдымен, барлықтарыңызға көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін. Қамшыбек екеуіміз тек рингте ғана қарсыласпыз. Бұл жай ғана спорт. Мен кәсіпқой бокста жұдырықтасқанда Қазақстаннан көп адам жанкүйер болғанын байқадым. Өзбек пен қазақ – бір бауырлас ел»,- деп жазды Жалолов. 

Ол финалда жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаевпен кездескен. Жекпе-жек 4:0 (29-28, 28-28, 30-27, 30-27, 29-28) есебімен аяқталды. 
29 жастағы Жалолов – 2020 жылғы Олимпиада чемпионы. 2019, 2023 жылғы әлем чемпионы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →