×

«Егер бүгін үнсіз қалсақ, ертең аяққа таптайтын болады». IBA президенті Азиададағы былыққа қатысты пікір білдірді

Астанада жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды

«Егер бүгін үнсіз қалсақ, ертең аяққа таптайтын болады». IBA президенті Азиададағы былыққа қатысты пікір білдірді

Астанада жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды. Осы додаға қонақ болып келген Халықаралық бокс қауымдастығының президенті  (IBA) Умар Кремлев тілшілерге Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарындағы төрешілікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz
 

«Біріншіден, бұлай қалдыруға болмайды. Егер бүгін үнсіз қалсақ, ертең аяққа таптайтын болады. Әділеттік үшін күресу керек. Айтылу, жазылу қажет. Осы күні спортты саяси ойындарға пайдаланатындар бар. Әйтпесе, спорт – салауатты өмір салтына шақыратын шынайы таза бағыт қой.  Азия ойындарындағы төрешілік – өте өкінішті жағдай. Мен өз шағымымды Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа жібердім. Бұл жерде IBA төрешілігіне қатысты проблема жоқтығын, мәселе төрешілерге үшінші тараптың араласуын байқатады», –  дейді Умар Кремлев.


Ол Халықаралық Олимпиада комитеті тәртіп орнатуы тиіс деп санайды. 


«Спортшылар кімнің мықты екенін рингте өздері анықтауы тиіс. Үздігі жеңіске жетуі тиіс. Олимпиада және қалған жарыстардағы жағдай көңілге кірбің түсіреді. Әлем чемпионатында мұндай бассыздық болған емес. Біз тәртіп орнаттық. Протест беріледі. Азия ойындарында шағым түсіруді алып тастаған. Спортшылардың әділеттікке жетудегі жалғыз жолы – протест беру. Біз құр айтып-айтып қоймаймыз. Біз жауапкершілік аламыз. Өз спортшыларымызды қорғаймыз. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, спорт функционерлерін жібермей-ақ қою керек», – деді IBA президенті.


Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Асланбек Шымбергеновтің жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, Халықаралық Олимпиада комитетіне шағым түсіргенін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →