×

Құрама капитаны Асхат Тағыберген неге өкінгенін айтты

Бүгін ұлттық құрама ойыншылары елге оралды

Құрама капитаны Асхат Тағыберген неге өкінгенін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық құраманың қарашадағы ойындарына капитан Асхат Тағыберген жарақатына байланысты қатыса алмады. Бірақ гипстелген аяғымен келіп, құрамаға қолдау көрсетті. Бүгін елге оралған құрама футболшыларының арасында капитан да болды. Ол тілшілерге өкінішін де айтып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Жарақаттан соң іштей күйзеліс болған жоқ па?» – деп сұрады тілшілердің бірі.

«Психологиялық тұрғыда қатты күйзеліс болды деп айта алмаймын, біз жарақатқа үйреніп қалғанбыз. Бірақ өкініш болды. Кешегі «Астана Аренада» 30 мыңнан астам жанкүйер жан-жақтан қиқулағанда, бір адамдай әнұранды шырқағанда неге алаңға шыға алмадым дейсің. Делебең қозады. Бірақ өмір ғой, сәтсіздік те, жеңіс пен жеңіліс те болады. Қиын-қыстау сәтте отбасымның қасында боламын, балаларыма көңіл бөлемін», – дейді Асхат Тағыберген.

Ол Қазақстан премьер-лигасының 25-турында «Ордабасы» мен«Шахтер» матчында жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін команда дәрігерлері оң аяқ табанының бесінші сүйегінде жарықшақ пайда болғанын анықтады. Германияда операция жасатты. Футболшы жасыл алаңға 6 аптада оралады деген болжам бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →