×

Адиевпен келісімшарт ұзартыла ма – Федерация президенті жауап берді

ҚФФ президенті жаттықтырушы мен федерация арасындағы келісімшарт жайлы айтты

Адиевпен келісімшарт ұзартыла ма – Федерация президенті жауап берді
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бас бапкер Магомед Адиевтың Қазақстан құрамасындағы болашағы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз негізі Магомед Адиевпен келісімшартты 2026 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу циклы аяқталғанша жасасқанбыз. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Жұмысты осы бағытта жалғастырамыз», – деді Әділет Барменқұлов.

Ресейлік маманмен келісімшарт былтыр 2024 жылдың соңына дейін ұзартылған. Бұл жайлы федерацияның ресми сайты да хабарлаған еді.

Бұған дейін бас бапкер егер кету керек болса, орнын босатуға дайын екенін айтты. Егер қал деп жатса, соңғы сөзімді әлі айтқан жоқпын, нәтижеге жетемін дегендей қылды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларымен кездесіп, аса тартысты өткен ойында қарсыластарына 1:2 есебімен жол берді. Құрама сапындағы жалғыз голды Словенияның «Копер» клубында ойнайтын Рамазан Оразов соқты.

Ұлттық құраманың Еуропа біріншілігіне өтуге әлі де мүмкіндігі бар. 2024 жылғы наурызда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Қарсылас – Грекия құрамасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
25 сәуір – Қазақстандағы ең танымал спорт күні
Кеше, 11:25

25 сәуір – Қазақстандағы ең танымал спорт күні

Бұл күнгі Стокгольмде қабылданған шешімнен кейін жыл сайынғы дәстүрлі мерекеге айналған
Екеуі де жартылай марафонys4 21,1 км қашықтығына тіркелген
Жартылай финалдық кездесулер 29–30 сәуір күндеріне жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →