Шавкат Рахмонов сұхбат берді
UFC лигасында өнер көрсететін, әлі күнге жеңілмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов (18-0) «Жағың сынса да, сағың сынбасын!» подкастына сұхбат беріп, жас спортшыларға кеңесін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Спортшының сөзінше, түнгі клубта қыдыратын жастардан чемпион шықпайды. Алға мақсат қойған адам соған жету үшін тынбай еңбек ету керек.
«Спорт жолына енді түскен жастарға айтар кеңесім, егер бір жарысқа дайындалып жүрсең, түнде қыдырмау керек. Түнде қыдырып, ары қарай демалып чемпион болған спортшыны көрсете аласыздар ма? Клубқа барып чемпион болып жүрген жігіттерді көрмеппін, есімде жоқ. Мысалы, мен қазір клубқа мүлде бармаймын, өмірімде, жас кезімде 1-2 рет қана барғанмын. Адам алдына мақсат қойса, жан-жағына қарамай, дұрыс ортамен алға қарай басу керек», – дейді Шавкат Рахмонов.
Спортшы сонымен қатар тойға, туған күн кештеріне де бармайтынын айтты.