Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 19:00-де
БАӘ астанасы Абу-Дабиде басталған дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде екі қазақ балуаны қола жүлдеге таласатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Атап айтсақ, әйелдер арасында 48 келіде күрескен жартылай финалда моңғолиялық Бавудорж Батаарсухтан жеңіліп, Әбу-Дабидегі әлем біріншілігінде үшінші орын үшін белдесетін болды. Оның қарсыласы – Түркия спортшысы Тугже Бедер.
Ал еліміздің даңқты балуаны, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов ширек финалда Блиевтен айласын асыра алмады.
Оған дейін Елдос алғашқы белдесуінде Вьетнам балуаны Чу Дук Датты, екінші айналымда бразилиялық Мишель Августоны иппонға түсірген.
Енді отандасымыз қола жүлде үшін жапониялық Тайки Накамурамен кездеседі.
Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 19:00-де.