×

Сенсация: Цинциннатидегі турнирде Юлия Путинцева әлемнің екінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

Сенсация: Цинциннатидегі турнирде Юлия Путинцева әлемнің екінші ракеткасын жеңді
Фото: Jacob King/PA Images via Getty Images

Әлемнің 34-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы америкалық Кори Гауфтан басым түсіп, сенсация жасады. 

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен ұтса, екіншісінде Гауфф есе қайтарған, есеп – 6:2. Үшінші, шешуші сетте Путинцева жеңісті жұлып алды – 6:4. Матч 1 сағат 54 минутқа созылды.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің бұрынғы екінші, қазіргі 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Айта кетейік, дәл осы жарыста өнер көрсеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші кездесуніде канадалық Лейла Фернандестен жеңіліп қалған болатын. Ол Уимблдон турнирінен кейін бронхитпен ауырып, ұзақ уақыт емделгенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →