×

Тасмағамбетовтің күйеу баласы Сметов пен Қырғызбаевқа көлік мінгізді

Желі қолданушылары кәсіпкердің әрекетін құптады

Тасмағамбетовтің күйеу баласы Сметов пен Қырғызбаевқа көлік мінгізді

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков Instagram парақшасында жазды.

«Кеңес Хамитұлы (Рақышев - ред) қос батырымыз Елдос пен Ғұсманға берген уәдесін орындап, темір тұлпардан мінгізді. Алла сізге разы болсын Кеңес мырза», - деп жазды Маратбек Мықтыбеков.

Желі қолданушылары кәсіпкердің әрекетін құптап, спортшыларға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп жатыр.

Париж татамиінде 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Елдос Сметов финалда француз дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, чемпион атанды.

Ал Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола жүлдеге таласта сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичтен басым түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Бүгін, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →