×

Қырғызстан құрамасын жеңген 12 қазақ көкпаршысына көлік мінгізді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар ойынында финалда Қазақстан Қырғызстан құрамасын жеңген

Қырғызстан құрамасын жеңген 12 қазақ көкпаршысына көлік мінгізді
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен көкпардан Қазақстан құрамасы марапатталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдымен ат үстіндегі спортшыларды құрылыс холдингінің акционері, кәсіпкер Бауыржан Исабаев құттықтады. Ол құрамадағы 12 жігітке Chevrolet  автокөлігін мінгізді. Исабаев қазіргі кезде Қазақстан көкпар федерациясын басқарады. 
Одан кейін президент жарлығымен құрама мүшелеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

Айта кетейік, 12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар ойынында финалда Қазақстан Қырғызстан құрамасын жеңген. Бұл кездесу арты үлкен резонансқа ұласып, қырғыз жанкүйерлері әділетсіздік болды реніштерін білдірген еді. Ал көкпаршылары марапат аяқталғанын күтпей трибунадан кетіп қалды. Кейіннен 1 қарашада реванш ойнауға шақырған. Бірақ Қазақстан бармайтынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жәнібекң Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады
Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті
Әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері өзара мықтыны анықтауда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →