×

Жәмилә Бақбергенова үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты

Жәмилә 8-6 есебімен басым түсті

Жәмилә Бақбергенова үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақ балуаны Жәмилә Бақбергенова финалға шықты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Отандасымыз 72 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында 31 жастағы моңғолиялық спортшы Болортунгалаг Зоригты ұтты. Есеп 8-6.

Айта кетейік, күндізгі сессияда Жәмилә молдовалық сосын чех палуанынан басым түскен.

Жәмилә Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.

Енді боз кілем шебері ақтық сында Ами Ишимен (Жапония) күреседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Бүгін, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →