×

«Өмірдің мәні осылар ғой». Ұл-қыздарымен ойнап жатқан Елдос Сметов көпшілікті қуантты

Бүкіл әлемнің қошеметі тең келмес балалардың қуанышына...

«Өмірдің мәні осылар ғой». Ұл-қыздарымен ойнап жатқан Елдос Сметов көпшілікті қуантты
Фото: Buda Mendes/Getty Images

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің ұл-қыздарымен түсірген видоесы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өмірдің мәні осылар ғой. Әкеңнің аты кім, сенің әкең кім еді. Шашымды жұлып тастамаңдар», - дейді Сметов қыздарына.

Желі қолданушылары оның видеосына түрлі пікір жазған. Көпшілігі қыздарының әрекетіне тамсанған.

«Елдос секілді балаларымызға мейірімді болайық», «Бүкіл әлемнің қошеметі тең келмес балалардың қуанышына», «Бақыт деген осы емес пе?!», «Тіл-көзден аман болсын», «Көз тимесін», «Балаларыңыз аман болсын», «Аман болсын, қошақандар», «Білдей бір чемпионды қор қылып отыр ма қыздары, соған көнген әкені айтыңыз», - деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Елдос Сметов Қазақстан тарихында алғаш рет Парижде Олимпиада чемпионы атанды. Ол 60 келіде өнер көрсеткен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«АТЫРАУ» футбол клубы коммерцияланды
17.04.2026ж. 20:19

«АТЫРАУ» футбол клубы коммерцияланды

Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі
Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →