×

Шымкентте жаңа көпбейінді аурухана қандай медициналық бағыттар бойынша қызмет көрсетеді

Денсаулық сақтау саласы

Шымкентте жаңа көпбейінді аурухана қандай медициналық бағыттар бойынша қызмет көрсетеді

2025 жылы Шымкент қаласында амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жүйесінде 60 медициналық ұйым қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 7 мекемеге артты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекеттік емханаларға 607 мың адам (49%), ал жекеменшік емханаларға 639 мың адам (51%) тіркелген. Қала тұрғындарына қадамдық қолжетімділікті арттыру мақсатында 2022-2024 жылдар аралығында 14 жаңа емхана ашылып, бір емханаға орташа тіркелген халық саны 25 мыңнан 20 мың адамға дейін қысқарды.

Стационарлық көмек көрсету бағытында 44 медициналық ұйым (оның ішінде 15 мемлекеттік және 29 жеке меншік) 4 894 төсек-орынмен қамтылған. Ауруханалардағы төсек-орын саны 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға артты. Қалада монопрофильді, қалалық көпбейінді ауруханалар мен оңалту орталықтары қатар жұмыс істеп, тұрғындарға кешенді медициналық қызмет ұсынуда.

Сондай-ақ жаңа көпбейінді аурухана (клиника «Хадиша») 257 төсек-орынмен ашылып, әртүрлі медициналық бағыттар бойынша қызмет көрсетуді бастады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті
13.06.2025ж. 15:20

Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті

Құрылтайға Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандары қатысуда
Оған Нұрлыбаев сұрақты түсінбей, басқаша жауап берді
Қазіргі таңда 200-ден астам отандық өндірушінің  34-і  мемлекеттік қолдауға ие болған
Бұл инфкекция – әлем бойынша балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →