×

Қаржы жымқырған Қазақстан азаматы Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

Оған мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр

Қаржы жымқырған Қазақстан азаматы Сауд Арабиясынан экстрадицияланды
Сурет: Бейнеден кадр/ Бас прокуратура

Алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша күдікті Сауд Арабиясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстанның Елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясынан алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Алматы қаласында жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген. Сонымен қатар ол ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 млн теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Осы жылы ол Сауд Арабиясы аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды
13.06.2025ж. 17:50

528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды

Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған
Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген
Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →