×

Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалдауды 16,3 млн тоннаға дейін ұлғайтты

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ға артық

Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалдауды 16,3 млн тоннаға дейін ұлғайтты
Каспий құбыр консорциумы

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі бойынша көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемі 2023 жылғы бірінші тоқсанда 16,3 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

“Бұл көрсеткіштер былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ға артық”, – делінген "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының өндірістік есебінде.

ҚМГ деректері бойынша, есептік кезеңде КҚК бойынша экспортқа жіберілген мұнайдың жалпы көлемінде 3,387 миллион тоннасы ҚМГ үлесіне тиесілі.

КҚК мұнай құбыры жүйесі – мұнайды Каспий өңірінен әлемдік нарықтарға тасымалдаудың аса ірі бағыты.

Ұзындығы 1,5 мың шақырым магистральдық құбыр Батыс Қазақстанның кен орындарын Ресейдің Қара теңіз жағалауымен байланыстырады, онда мұнай КҚК теңіз терминалы арқылы танкерлерге жөнелтіледі. Консорциумның ірі акционерлері қатарында – Ресей ("Транснефть" арқылы), Қазақстан ("ҚазМұнайГаз" арқылы), Chevron, "Лукойл", ExxonMobil, "Роснефть" БК және Shell құрылымдары бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Halyk Көмек: қайырымдылық марафонынан жиналған қаражатқа жаңа инклюзия кабинеттері ашылады
04.05.2026ж. 17:44

Halyk Көмек: қайырымдылық марафонынан жиналған қаражатқа жаңа инклюзия кабинеттері ашылады

Charity Samruk Marathon–нан жиналған қаражат инклюзивті білім беру инфрақұрылымын құруға жұмсалатын болады
Эяль Эльбоим, Swiss Capital: «Біз өсімді бақылап қана қоймай, оны басқарамыз»
Бір жыл ішінде Банк нарықтағы өз позициясын нығайтып, актив, кредиттік портфель және депозиттік база бойынша нарықтық үлесті 10 % ке арттырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →