×

Анасы Димаштың концерт алдындағы ел білмейтін ерекше қасиетін айтты

Жақында әнші Euronews басылымына эксклюзивті сұхбат берді

Анасы Димаштың концерт алдындағы ел білмейтін ерекше қасиетін айтты
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Әнші концерт алдында дыбыстық тыныштықты сақтайды. Бұл жайлы оның анасы Светлана Айтбаева айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Дыбыс аппараты - өте нәзік дүние. Сондықтан оған демалыс керек. Димаш оның алдында бірнеше күн бұрын дайындықтарын жасады. Концерттерінің алдында ол көбіне дауысының тыныштығын сақтайды. Ол дауысының сапалы шығуына, салмақ түспеуіне түсінетін болған соң тыныштық сақтайды. Біз де оның мазасын алмауға, сөйлеспеуге тырысамыз. Ондай кезде тіпті бізбен телефонға жазып сөйлеседі. Дыбыстық тыныштықты сақтайды”, – дейді әншінің анасы.

13 және 14 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қазақстанның астанасында екі жеке концертін өткізді. Бастапқыда бір ғана концерт жоспарланған, бірақ билеттер тез сатылып кеткендіктен, екінші шоу өткізу туралы шешім қабылданды. Екі кеште де аншлаг болды.
Әнші бұл концертін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан кейін өткізді. 

Stranger әлем турының бір бөлігі болып табылатын шоуда әр ән спектакльдік көрініске құрылып, нағыз музыкалық қойылымға айналды. Концерттік бағдарламада жаңа әннің премьерасы көрсетілсе, басты рөлде Димаштың өзі болған бейнепрологтар легі жаңа сюжеттер линиясын ашып отырды.

Ал жақында әнші Euronews басылымына эксклюзивті сұхбат берді. Онда Димаш Құдайберген классикалық музыка, қазақ халқының мотивтері мен заманауи әуендері араласатын өзінің бірегей шығармашылығы жайлы айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →