×

Оқушылар мектепте намаз оқыған: министрлік шара қолданбақ

Оқу-ағарту министрлігі тексеріс бастады

Оқушылар мектепте намаз оқыған: министрлік шара қолданбақ
Видеодан скриншот

Желіде оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы тарады. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға байланысты тексеріс бастады деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Видеодан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім.

Заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған. Ведомство өкілдері сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Кальканың бәрі тілдің жауы емес»: Анар Фазылжан қазақ тілін цифрландырудың маңызы жайлы сұхбат берді
Бүгін, 09:28

«Кальканың бәрі тілдің жауы емес»: Анар Фазылжан қазақ тілін цифрландырудың маңызы жайлы сұхбат берді

Қазіргі дамыған заманда ғалымдар қазақ тілін дамыту үшін қандай еңбектер атқарып жатыр?
Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған
Іс-шараға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының өкілдері де қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →