×

Қазақстанда енді грантта оқымайтын студенттерге де стипендия берілмек

Құжат жария талқылауға шығарылды

Қазақстанда енді грантта оқымайтын студенттерге де стипендия берілмек
Фото: egemen.kz

Енді грантта оқымайтын студенттерге де шәкіртақы берілуі мүмкін. Яғни, оқу жылында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, не ұлттық бірыңғай тесттен жоғары ұпай жинаған талапкерлер стипендияға ілігуі ықтимал. Әрі шәкіртақы көлемі де өскелі отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мемлекеттік шәкіртақыны тағайындау, төлеу және мөлшерлемелерін бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Мемлекет басшысы білім гранттарын саралауды енгізуді тапсырған еді. Бұл идеяға сәйкес, грант оқудың барлық құнын жабуға міндетті емес, бірақ ҰБТ нәтижелеріне және білім алушының басқа көрсеткіштеріне байланысты осы шығындардың 30 пайызын өтей алады. Сондықтан қаулының жаңа редакциясында 100 пайыз грантпен оқымайтындарға шәкіртақы төлеу ұсынылып отыр.

Қазір шәкіртақы барлық студентке бірдей беріледі. Енді 2024 жылдан бастап оқу үлгерімі үздік студенттерге шәкіртақыны ұлғайту және бонустар белгілеу ұсынылды. Бакалаврлар үшін – айына 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, үздік студенттер үшін – 54 205 теңгеге дейін; Болашақ мұғалімдерге 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін, оқу озаттарына – 86 940 теңгеге дейін; Магистранттар үшін – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, оқу үздігі үшін – 123 120 теңгеге дейін; Докторанттар – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін. Назарбаев университетінің студенттері мен медицинада оқитын студенттер ұлғайтылған шәкіртақыны ала алмайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Кеше, 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →