×

Жетісулық оқушылар 100 келіден астам қоқысты қайта өңдеуге жіберді

Игі үрдіске айналған тазалық шаралары

Жетісулық оқушылар 100 келіден астам қоқысты қайта өңдеуге жіберді

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Жетісу облысында жалғасып жатыр. Игі үрдіске айналған тазалық шараларын өңірдегі оқу ордаларының белсенді оқушылары да жұмылып атқаруда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талдықорған қаласындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп оқушылары табиғат тазалығына өз үлестерін қосуда. Айналаны қоқыстардан тазартып қана қоймай, жиналған бөтелкелер мен басқа да қоқыстарды қайта өңдеу орталығына өткізді.

Табиғи ресурстарды саналы тұтынуды насихаттаған оқу орнының белсенді білімгерлері қайта өңдеу үшін 100 кг-нан аса қалдық жинаған.

«Қоқыстарды қайта өңдеу табиғатқа деген жанашырлықты ғана емес, ұқыптылық пен жауапкершілікке де үндейді. Осы арқылы оқушылардың бойынша эко-мәдениет қалыптасып жатқанына сенімім мол», - дейді Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әділет Қанатұлы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →