×

Жарнама жасап, шетелге оқуға түстім — ҰБТ-да 1 балл алған оқушы

Ерасыл Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы №12 орта мектепті бітірген

Жарнама жасап, шетелге оқуға түстім — ҰБТ-да 1 балл алған оқушы
Фото: әлеуметтік желіден

TikTok-та Ерасыл Уалиев есімді оқушы өзінің Ұлттық бірыңғай тестілеуден 1 балл алғанын жариялап, желі жұлдызына айналған еді. Qaz365.kz тілшісі жас түлекпен тілдесіп, шешімге не түрткі болғанын біліп көрді.

Ерасыл Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы №12 орта мектепті бітірген. Әке-шешесі Өскеменнен көшіп келген. Өзі Алматыда туған. 

“Білім бағытында біздің елде бір компания бар. Сол компаниядан маған шықты. Өздері Қазақстаннан студент жинап, шетелге оқуға жібереді екен.  Сол компаниядан хабарласып, «біздің таныстарымыз бар, сені оқуға түсірейік, Түркияның өзің қалаған жерінде оқи аласың» деді. Тек менен өздерін жарнамалап беруді сұрады. Мен басында сеніңкіремедім. Менің инстаграм парақшамда олардың QR-кодтары тұр. Кірсеңіздер, менің профилім жасалған. Ресми шақыртулар келіп жатыр. Аттестат және паспортпен ғана оқуға түсіреді екен”, - дейді ол.

Түркияда оқуды ұсынып отырған оқу орындарының арасында гранты да, ақылылары да бар. Ақылы оқу орындары Қазақстандағы университеттерден едәуір арзан екен. Олар Ерасылға стоматология, жасанды интеллект, программалау мамандықтарын оқуды ұсынған. Жас түлек бірақ Словакияның университетіне түсіпті. Ол елде Ерасыл екі оқу орнына тапсырып, екеуіне де түскен. Ішінде HR-менеджер мамандығын таңдаған. 

Словакияда ҰБТ қорытындысын мүлде керек қылмайды екен. Тіл білсе болды. Ерасыл қазір словак тілін қазір үйреніп жатыр. 

“Қазақстанда да оқуға түстім. Жалпы мен бірінші ҰБТ-дан 93 балл алғанмын. Екіншісінен 1 балл алдым. 93 балды еш дайындықсыз алғанымды атап өтейін. 1 баллға қатысты жағдай маған мотивация болып жатыр. Көп адамдар жекеме жазып, «Ерасыл сенің арқаңда мен депрессиядан шықтым» деп жазады. Тик-ток пен инстаграм арқылы қазір өмірімді көрсете бастадым. Кітап оқимын, денемді жаттықтырамын. Видео салам. Адамдардың бәрі мені көріп, таңғы бестен тұрып, осылай пайдалы істермен айналысып жатыр”, - дейді ол.

Ерасыл ҰБТ-ның ең әуелі өзіне керегі жоқ деп ойлапты. «ҰБТ тарихында қалай қаламыз» деп досы екеуі ойланып отырған. Ойлана келе ҰБТ тарихында бір балды ешкім алмағанын біліп, осындай шешімге келген.

“ҰБТ-ға кірдім де, біреуін ғана белгіледім. Бірінші сұрақта «кемпірқосақта неше түс бар, қайсысы мына жерде жоқ» деп жазыпты. Бес-алты рет оқыдым, 100 пайыз дұрыс жауабын біліп, басып шығып кеттім. Бір бал туралы салғаннан кейін жаңалықтардың бәріне шығатынымды білдім. Видеоны жариялағаннан кейін бір сағаттар соң атым елге белгілі бола бастады” - дейді ол.

Ерасыл бір бала 52 бал алып, қайғырып отырғанда 1 бал алғанын өзі сияқты құрдасын көріп, жұбанғанын айтады. 

“Бір бал алатынымды досыма ғана айтқанмын. Ата-анам қарсы болатынын білдім ғой. Словакияға оқуға түсетінімді білген соң әке-шешем “ҰБТ-ға бармай- ақ қой” деген. Бірақ эксперимент жасап бір бал алдым. Сыныптың тобына дәлел қағазды жібере салдым. Апай “Ерасыл, есің дұрыс па?” деп, ұрысқандай болды. Басында әке-шешем қатты ұрысты. Бірінші күні тіпті үйге де қонбадым. Қорықтым. Келесі күні анама түсіндірдім. “Жарайды, қойшы” деді. Қазір апайлар “менің оқушым” деп мақтанып жатыр”, - деп күледі Ерасыл.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →