×

Астана – Петропавл жолындағы апаттан 11 адам зардап шекті

Полицейлер 400-ге жуық көліктен құралған колоннаны астана бағытына қауіпсіз түрде алып жүруді ұйымдастырған

Астана – Петропавл жолындағы апаттан 11 адам зардап шекті
Фото: Ақмола облысы ПД

Астана–Петропавл республикалық маңызы бар тасжолында болған ірі жол-көлік оқиғасынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

3 қаңтар күні жолдың белгілі бір учаскесінде бірнеше ондаған көліктің қатысуымен жаппай апат болды. Кейінірек зардап шеккен көлік саны 95-ке жеткені хабарланды.

«Жаппай жол апаты салдарынан Бұланды аудандық ауруханасына әртүрлі жарақаттармен 11 адам жеткізілді, оның төртеуі ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және «ҚазАвтоЖол» мамандары апат салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер 400-ге жуық көліктен құралған колоннаны астана бағытына қауіпсіз түрде алып жүруді ұйымдастырған. Олар жүргізушілерді патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын бұлжытпай орындауға және олардың жұмысына кедергі жасамауға шақырды. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, жүргізушілерден сақ болуды және жағдай жақсарғанша аталған бағытта жүруден бас тартуды сұрады.

Бұған дейін ТЖМ қызметкерлері қазақстандықтарға боран мен нашар көріну салдарынан жабылған тасжолдарға шықпау туралы өтініш білдірген еді. Жолда қалып қойғандардан мүмкіндігінше үйлеріне оралу сұралды. Қазіргі уақытта Қазақстанның алты өңірінде жол жабылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →