Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып, қайнысы жеңгесіне 65 пайыз бауырын берген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
“Бауыр циррозы ауруына шалдыққан 40 жастағы әйелге жолдасының інісі донор болды. Дәрігерлер жеңгесінің өмірі үшін тәуекелге барған жігіттің 60-65 пайыз бауырын трансплантациялап, науқасқа салды. Он сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Қазіргі уақытта ем алушы бұрынғы өмірiне оралды деуге әбден болады, яғни емделуге тәуелділiк, уақыт пен тамақтануға байланысты шектеулерден босап, жұмыс істеуге және белсенді өмір салтын ұстануға толыққанды мүмкіндік алды”, – делінген Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Шетелде мұндай отаның құны 200-300 мың АҚШ долларын құрайды. Ал Қазақстанда мемлекет есебінен тегін жасалып отыр.