×

Қыздың орнына кепілге өзімді ұсындым - министр Kaspi банктегі басқыншы туралы

Ол  келіссөз жүргізіп жатқан уақытта басқа да адамның болғанын айтты

Қыздың орнына кепілге өзімді ұсындым - министр Kaspi банктегі басқыншы туралы

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанадағы Kaspi Bank-тің бөлімшесіндегі басқыншыға қызды жіберіп, кепілдікке өзін ұсынған, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Қазір барлық мәліметті айта алмаймын, өйткені тергеу жүріп жатыр. Келіссөз жүргізгенім рас, алдымен телефон арқылы сөйлестім, сосын кірген соң, кепілді босатуды өтіндім. Ол келіспейтіндіктен, арнайы шұғыл әрекетке бардық», - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.

Ол  келіссөз жүргізіп жатқан уақытта басқа да адамның болғанын айтты.

«Мен оған кепілдегі қыздың орнына қалуды ұсындым, бірақ ол келіспеді», - деді министр.


Оның айтуынша, басқыншы Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен (Адамды кепілге алу) баптары бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, кеше 18 маусымда Астанадағы «Kaspi банк» филиалын белгісіз біреу басып алды. Тапаншаға ұқсас зат ұстаған ер адам 7 адамды кепілге алып, бірнеше талап қойған. Күдіктімен келіссөз жүргізуге ІІМ басшысы Марат Ахметжановтың өзі келді.

Одан соң құқық қорғау органдарының қызметкерлері бөлімшеге шабуыл жасап, банк қызметкерлерін босатты. Ал күдікті қолға түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →