×

Семей орманын тағы біреулер өртеу үшін көлік шиналарын жинаған

Бұған «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты жауап берді

Семей орманын тағы біреулер өртеу үшін көлік шиналарын жинаған
Ашық дереккөзден

Семей орманын біреулер өртеуге әрекеттенген. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Кейін полиция ол адамдарды іздестіріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты жауап берді. 

«Семей филиалы Қызылкордон орманшылығының мемлекеттік инспекторлары патрульдеу жүргізген кезде көрсетілген факт №172, 175 аумақта анықталды. Оқиға орнына жедел топ шығып, барлығын фото және бейнетүсірілімге тіркеді, акт жасалып, осы әрекетті істеген адамдарды анықтау және одан әрі процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді», – делінген хабарламада.

Рейдтік іс-шара барысында мемлекеттік инспекторлар Семей филиалының Қызылкордон орманшылығының №1 аумағында осындай тағы бір фактіні анықтаған. Сосын құқық қорғау органдарына тапсырған.

«Семей орманы» МОТР» РММ мемлекеттік инспекторлары жексенбі және мереке күндеріне қарамастан, қоршаған ортаны қорғау және күзету бойынша патрульдеу мен рейдтік іс-шараларды күн сайын тұрақты түрде жүзеге асырады», – дейді орманшылар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →