×

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақ жарақатын алды

Ол қазір дәрігерлердің бақылауында

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақ жарақатын алды
Фото: istockphoto.com / ТЖМ

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткен, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, құтқарушы 26 жаста. Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды.

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полиция мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →