×

ҰҚК Алматы әуежайында шетелдік азаматты ұстады

Ол Бразилия азаматының төлқұжатын ұсынған

ҰҚК Алматы әуежайында шетелдік азаматты ұстады
Фото: t.me/knbgov_kz

Алматы әуежайында паспорттық бақылаудан жалған құжатпен өтпек болған шетелдік анықталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

ҚР ҰҚК мәліметінше, 2024 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.

Аталған адамды жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жасанды төлқұжат табылды және алынды.

Нәтижесінде шетелдік азамат депортацияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Кеше, 20:25

Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →