×

Боранбаев үкіметке қанша ақша қайтарды

Қылмыстық іс тоқтатылды ма

Боранбаев үкіметке қанша ақша қайтарды
Informburo.kz

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы мониторингі агенттігінің орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жалпы, ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша залал 14,5 млрд теңге көлемінде өтелді. Бұдан басқа, 120 млрд теңге көлемінде залалды өз еркімен өтеді. 120 млрд теңгені 14,5 млрд теңгеге қоссаңыз, 134,5 млрд теңге. Мен бүгінгі күнге дейін өтегенін айтып отырмын. Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр», – деді Елемесов.

Сондай-ақ ол Боранбаевтың барлық активтерінің тіркелгенін айтты.

«Барлық активтер берілді, тіркелді, дерекқорға ресми түрде қарауға болады. Барлық берілген активтердің бағаланған құнын жатқа айта алмаймын. Қонақ үй жұмыс істейді, Астанадағы Comfort Hotel қонақ үйін көрсеңіздер болады», - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Боранбаевқа Qazaqgaz ұлттық компаниясына газды қайта сату кезіндегі мәмілелерде шамамен 14,6 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеп берді. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.

2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны белгілі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →