×

«Ауыр тиді». Ербаян Мұхтардың анасы Ұлттық ұлан өкілі мен Ермұрат Бапиға жауап берді

Бұған дейін Қайрат Үмбетов сарбаздың емделу кезінде өкпенің қабынуы, іріңді гайморит жанама ауруына ұшырағанын айтқан

«Ауыр тиді». Ербаян Мұхтардың анасы Ұлттық ұлан өкілі мен Ермұрат Бапиға жауап берді
Фото: instagram.com/erbayan2024

Алты   комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың анасы Гүлсім Қамиев пен Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов пен Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін Қайрат Үмбетов сарбаздың емделу кезінде өкпенің қабынуы, іріңді гайморит жанама ауруына ұшырағанын айтқан. 

Тергеу тоқтап тұр, сот процесі жүріп жатқан жоқ.  Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов айтқанымен келіспеймін. Пневмония мен гаймориттің кесірінен осындай күйге душар болды дегені мүлдем дұрыс емес. Осылай өзі диагноз қойғаны өте ыңғайсыз екен. баламның әскерге кеткенінше ешқандай ауруы болғаны жоқ. Тек аллегриясы бар еді. Әркім, өздеріңше диагноз қоя беруге болмайды ғой», - дейді Гүлсім Қамиев. 

Сондай-ақ депутат Ермұрат Бапи мәжіліс кулуарында Ербаянға қатысты жағдай жасанды түрде өрбіп жатқанын, әскери немесе медицина өкілдерінің бірі әдейі теріс ақпарат таратуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

«Ермұрат Бапидың да айтқанын түсіне алмадым. Өзінің баласын да алдында не күтіп тұрғанын білмейді ғой. Маған ол кісінің айтқаны ауыр тиді. Өзім де ауырып қалдым. Мәжілісте отырып, осындай сөз айтқаны өте ұят», - дейді сарбаздың анасы.

Бұған дейін депутат бұл іске қатысты жанжал жасанды түрде өрбіп жатқанын, әскери немесе медицина өкілдерінің бірі әдейі теріс ақпарат таратуы мүмкін екенін атап өткен. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты
Бүгін, 13:15

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты

Марқұм көп жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Акробат қыз бас жарақатымен және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды
Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен
Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →