×

Шымкентте шетелдік азамат аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталды

 21 жастағы ер адам қала аумағында “синтетикалық есірткі” таратумен айналысқан

Шымкентте шетелдік азамат аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Шымкентте шетелдік азамат аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 21 жастағы ер адам қала аумағында “синтетика” таратумен айналысқан. Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады.

“Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр”, – делінген полиция мәліметінде.

Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бүлдіршін ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр
Романның сөзінше, мұғалім басқа студенттерді де солай жазалаған
Оқиғаға байланысты мектепте жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →