×

FlyArystan прокуратураның шешіміне шағымданбақшы

Келтірілген ақпаратқа жауап ретінде бұл шешімге шағымдануға дайындалып жатқанын хабарлады

FlyArystan прокуратураның шешіміне шағымданбақшы
Zakon.kz

FlyArystan Алматы авиациялық көлік прокуратурасының әуе компанияға қатысты "Балалар билетін жеңілдіксіз сатты" деген шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"FlyArystan өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес жүзеге асыратынын және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" заңның 13-бабына сәйкес әрекет ететінін хабарлайды. 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар халықаралық рейстерде және Қазақстан Республикасының әуе көлiгiндегi тасымалдаушы жүзеге асыратын Қазақстан iшiндегi рейстерде 2 жастан 15 жасқа дейiн кәдімгі тарифтен 50% жеңілдік қарастырылған", – делінген FlyArystan баспасөз қызметінің хабарламасында.

FlyArystan қазіргі уақытта жарияланымда келтірілген ақпаратқа жауап ретінде бұл шешімге шағымдануға дайындалып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Авиациялық көлік прокуратурасы жолаушылар құқығын сақтау мәселесі бойынша "Флай Арыстан" АҚ әуе компаниясының қызметіне тексеру жүргізгенін хабарлады.

Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе компаниясы халықаралық рейстерге билеттерді сату кезінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыларға арнайы 50% жеңілдіктерді қолданбаған.

Прокуратура 2022 жылғы қаңтардан қазан аралығында халықаралық бағыттар бойынша стандартты тарифтер бойынша 3 мыңнан астам кәмелетке толмағандар тасымалданғанын хабарлады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →