×

Алматыда алғашқы үгіт-насихат митингісі басталды

Кандидаттар сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, адам құқықтары мен демократиялық принциптер туралы айтты 

Алматыда алғашқы үгіт-насихат митингісі басталды
Алмас Кайсар

Алматыда алғашқы үгіт-насихат митингі басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ресми рұқсат етілген митингке 40-50 шақты адам жиналды. 
Сахнаға көтерілген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, адам құқықтары мен демократиялық принциптер туралы айтты. Сондай-ақ олар жиналғандарды 19 наурыз күні өз құқықтарын пайдаланып, дұрыс таңдау жасауға шақырды. 
Кандидаттардың қатарында рэп-орындаушы Жан Ахмадиев, «Тәуелсіз бақылаушылар» ҚБ басшысы Арайлым Назарова, саясаткер Мұхтар Тайжан, журналист, белсенді Думан Мұхамбеткәрім, әлеуметтанушы Жанар Жандосова, т.б. бар.

Айта кетейік, митинг туралы саяси белсенді Альнур Ильяшев өзінің Facebook парақшасында жазған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 18 ақпанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ресми түрде рұқсат берілді. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →