×

65 адамның өмірін қиған қонақ үй: мамандар жер сілкінісінің магнитудасы себеп болмағанын айтады

Сраптама бойынша 8 қабатты ғимараттың бағаны мен іргетасы 5 қабатқа ғана арнап салынған

65 адамның өмірін қиған қонақ үй: мамандар жер сілкінісінің магнитудасы себеп болмағанын айтады
gundemkibris.com

Жер сілкінісі кезінде Адыямандағы “Isias” қонақ үйінде 65 адам қаза тапты. Олардың арасында Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан жарысқа келген 12-13 жасар волейболшы балалар да бар, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Мамандар бұл қонақ үйдің аяқасты құлау себебін зерттеді. Сол сараптама бойынша 8 қабатты ғимараттың бағаны мен іргетасы 5 қабатқа ғана арнап салынған. 

Шығыс Жерорта теңізі университетінің оқытушылары да Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 35 азаматының өмірін қиған қонақ үй қирандыларын зерттеуге қатысқан. Адыямандағы қонақ үйдің қирауына жер сілкінісінің магнитудасы емес, дұрыс жобаланбауы себеп болғаны айтылған. Зерттеу нәтижесінде бетон сапасының төмен екені және өзен қиыршықтастары мен құмды-қиыршықтастардың пайдаланылғаны анықталған. 

“Ғимарат дұрыс салынған болса, осылай тез үйіндіге айналмайтын еді”, – деді университет оқытушысы.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →