×

Жамбылдық полицейлер қылмыскерді ұстау барысының видеосын жариялады

Жамбылдық полицейлер қылмыскерді ұстау барысының видеосын жариялады
Фото: Sputnik

Жамбылдық полицейлер қарулы қылмыскерді ұстау барысының бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 ақпан күні 26 жастағы Жаңатас қаласының тұрғыны қару сақтады деген күдікке ілінді.

Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Күдікті Mercedes-Benz автокөлігінен шығу туралы полицейлердің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсетіп, қашпақ болып, салдарынан көше бойында тұрған көлікті соғады.

Сол мезетте көліктің алдыңғы есігін ашып, жүргізушіні сыртқа шығармақ болған полиция қызметкерін көлігімен бірге жоғары жылдамдықпен сүйреп алып кетеді. Оны тоқтату мақсатында полиция қызметкерлері алдымен ауаға, одан соң көліктің дөңгелегіне оқ атқан соң аталған автокөлік аялдамаға соқтығысады. Соған қарамастан, күдікті және көлікте бірге болған үш танысы (Жаңатас қаласының 31, 29 және 26 жастағы тұрғындары) бой тасаламақ болған, алайда полиция қызметкерлері олардың барлығын ұстады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →